Adress: Ferhatpasa Mah. 48. Sok. No:1 A/1
34888 – Atasehir
Istanbul / TURKEY
Telephone: +90 216 350 20 24
Kazakistan Adress:Business Center KB 10 Kabanbay Batyr street 10 3rd floor 050010 Almaty
Telephone: +7 (775) 731-41-42
Link Medical Systems компаниясы медициналық бұйымдарды өндіруге маманданған және оқып-үйренген инженерлер тобы құрған Еуропадағы алғашқы тәуелсіз сервистік компаниялардың бірі.
Link компаниясы жабдық өндірушілердің стандарттарына сәйкес Сіздің КТ, МРТ және ПЭТ/КТ жүйелеріңізге жеке қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету түрлерін ұсынады. Жабдық өндірушілерімен салыстырғанда, бізде экономикалық тиімді қызмет көрсетудің бірегей мүмкіндіктері бар, жабдық өндірушілерді әдетте бұл тұрғыдан икемді деуге келмейді. Link компаниясы кәсіби инженерлерден тұратын команданың және орайлы ынтымақтастықтың мол тәжірибесінің арқасында жоғары сапалы деңгейде қызмет көрсетеді, сонымен қатар сіздің сұраныстарыңызға сәйкес ең үздік қызметтерді ұсынады.
Link компаниясы Сіздің ұйымыңыздың қажеттіліктеріне тез жауап береді және сіздің талаптарыңызға бейімделген арнайы ұсыныстарды алға тартады. MRI және басқа жүйелерді үнемі тексеріп отыру жабдықты жұмысқа жарамды күйінде ұстауда маңызды рөл атқарады.
Біз сондай-ақ Еуропада, Африкада, Ресейде және түркі тектес елдерде өнімді сатудан бастап КТ, МРТ, ПЭТ/КТ жүйелерін немесе басқа медициналық радиология жүйелерін басқару мен бөлшектеуге дейінгі қызметтердің толық топтамасын ұсынамыз.